1 тоқсан

«Дін саласындағы өзекті тақырыптар бойынша бейнеөнімдер мен театрлық қойылымдарды әзірлеу мәселелері»

Астана қаласында ағымдағы жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жанындағы БАҚ-та діни тақырыпты жариялау бойынша Әдістемелік кеңестің кезекті отырысы «Дін саласындағы өзекті тақырыптар бойынша бейнеөнімдер мен театрлық қойылымдарды әзірлеу мәселелері» тақырыбымен пікіралысу түрінде өткізілді.

Кеңеске Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті мен Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының өкілдері, Қарағанды облысы әкімдігінің Дін істер басқармасының басшысы Нүркенов Қайрат Қаршығаұлы, «Қазақстан» РТРК тілшісі Амангелді Құрмет, Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының қоюшы режиссері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жұманиязов Нұрлан Ғылманұлы, ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы қатысты.

Отырыс барысында Әдістемелік кеңес мүшелері мен сарапшы мамандар бүгінгі ақпараттық қоғамда теріс діни ағымдардың арбауына қарсы күрестің бірден-бір жолы – олар туралы өз уақытында қоғамға шынайы мәлімет тарату, сондай-ақ сценарий жазудан бастап спектакльдің қойылуы немесе фильмдерді түсіруде оның мазмұнының заңдық нормаларға сай келуін, көрермендерге әсері мен қабылдану нәтижесін де ескеру керектігін айтты.

Мамандар қазіргі таңда тақырыптық бейнероликтер, көркем фильмдер, деректі фильмдер мен театрлық қойылымдарды көбейту – көрнекі насихат жүргізудің тиімділігін және сағаттап уақыт алатын дәрістер мен баяндамаларға қарағанда, көру арқылы қабылдау оңтайлы болатынын, үгіт-насихаттың мұндай түрі әлдеқайда ұтымдырақ екенін уақыттың өзі дәлелдеп отырғанын алға тартты.

Бүгінде барлық атқарушы ұйымдарда бейнероликтер түсірілімі ұйымдастырылып, жоспарланған. Бір облыста өңірлік телеарналардан фильмдер көрсетілсе, 6 өңірдің сахналанған қойылымдары басқа да өңірлерге сапар жасауда.

Сонымен қатар, халықпен мұндай жанрда жұмыс жүргізу теологтар мен саясаткерлердің қатысуын ғана емес тіпті әлеуметтанушылардың, психологтардың және кәсіби мамандардың болуын талап етеді. Сценарий жазудан бастап спектакльдің қойылуы немесе фильмдерді түсіруде оның мазмұнының заңдық нормаларға сай келуін, көрермендерге әсері мен қабылдану нәтижесін ескеру қажеттігі сөз болды.

Осыған байланысты сценарий жазудағы критерилердің қалыптасуы, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысына роликтерді дайындау және қойылымдардың қойылуы үшін дін саласындағы өкілетті органдар тарапынан әдістемелік нұсқаулықтар дайындау ұсынылды.


.
Яндекс.Метрика