«Діндер үнқатысуынан – өркениеттердің өзара түсіністігіне»

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының ұйымдастыруымен 2008 жылдың 2 желтоқсанында Бейбітшілік пен келісім сарайында «Діндер үнқатысуынан өркениеттердің түсіністігіне» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Аталмыш конференцияға ҚР мемлекеттік органдары, Қазақстан халқы Ассамблеясы, діни бірлестіктер өкілдері, қазақстандық ЖОО-ладың, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының көрнекі ғалымдары мен жетекші сарапшылары, отандық және шетелдік сарапшылар, ҮЕҰ мен БАҚ қатысты.

Конференция барысында кең ауқымды мәселелер талқыға түсті. Жекелей алғанда, полиэтноконфессиялық қоғамдағы толеранттылық, этникааралық және дінаралық келісім мәселелері қатысушы-ғалымдар тарапынан кең талқыланды.

Шара қатысушылары талқыласа келе,  үнқатысу заманауи қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайтудың негізгі фактор екендігін атап өтті.

Дінге, оның тарихтағы, қазіргі қоғамдағы рөліне көп көңіл бөлінді. Дін жаңаша тұжырымдау мен қазіргі өмір шындығына сай қайта қарауды талап ететін адамзат құндылықтарының қайнары ретінде қарастырылады.

Шара қорытындысы бойынша форум қатысушыларының ортақ құптауымен конференция Қарары қабылданды.

.
Яндекс.Метрика