Бүгін, Түркістан қаласында «Ислам жəне ұлы дала өркениеті» атты республикалық-ғылыми тәжірибелік конференция өтуде

Бүгін, Түркістан қаласында «Ислам жəне ұлы дала өркениеті» атты республикалық-ғылыми тәжірибелік конференция өтуде

Конференцияға Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Əліпбек Өсербаев, облыстық мəслихат депутаты Əбілқасым Досболов, Мəдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Əбуов, тарих ғылымдарының докторы Болат Көмеков, Ясауи ғылыми зерттеу орталығының директоры Досай Кенжетай, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, өкіл имамдар, теолог-ғалымдар, дін қызметкерлері қатысуда.

Мəдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры А. Əбуов өз сөзінде: «Яссауи ілімін ел игілігіне жаратып, ақыл-ойының өзегіне айналдыратын тетіктерді жүзеге асырсақ, ұтарымыз анық. Ең алдымен Яссауи ілімі өзінің кең мазмұндылығымен қазіргі өскелең ұрпақтың рухани сұраныстарын толық қанағаттандыра алатынын ескерген дұрыс. Аталмыш ілімінің негізгі қағидаларын бүгінгі заманға лайықтап, қайта жаңғырту арқылы қазіргі қоғамындағы көптеген рухани мәселелердің алдын алуға болады»,– дей келе, алғаш рет Қасиетті жерде ұйымдастырылып жатқан іс-шараны ұдайы өткізіп тұруды және ислам дінінің рухани құндылықтарын насихаттап, оны келер ұрпаққа қаймағы бұзылмаған күйде мұр етіп қалдыру мақсатында ҚМДБ басшылығы, Түркістан мешіті, Хазірет Сұлтан кесенесі және Ахмет Яссауи университетінің бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыла жұмыс жасауын ұсынды.


.
Яндекс.Метрика