Шешендік шеберлікті арттыру тақырыбында семинар өткізілді

Шешендік шеберлікті арттыру тақырыбында семинар өткізілді

2017 жылдың 18 шілде күні Астана қаласының «Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ және «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған іс-шараларды өткізудің әдіс-тәсілдері және шешендік шеберлікті арттыру» тақырыбында семинар өткізілді.

Бизнес-жаттықтырушы Файзуллаев Данил шешендік шеберлік арқылы аудиторияға тиімді ықпал ету, сондай-ақ жұртшылық алдында сөз саптаудың кәсіби ерекшеліктері бойынша мастер-класс өткізді.

Аталмыш семинар ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын жетілдіруге бағытталған алғашқы мастер-класс болып табылады.

АТТ мүшелерінің қабілеті мен ықпалын арттыру мақсатында шешендік шеберлік тақырыбы арнайы таңдалды.

Мастер-класс соңында, әр қатысушы қорытынды тестілеуден өтіп, арнайы сертификат табысталды. Алдағы уақытта, АТТ мүшелерінің біліктілігін арттыру бойынша курстар мен семинарлар айына 2 рет тұрақты түрде ұйымдастырылады.


.
Яндекс.Метрика