ЕУРООДАҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНАРАЛЫҚ КЕЛІСІМГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

ЕУРООДАҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНАРАЛЫҚ КЕЛІСІМГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Еуроодақты Қазақстанның ұлтаралық және дінаралық келісімдегі тәжірибесі қызықтырады. Қазақстан Республикасының дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтің қатысуымен Бельгияда өткен басқосу қатысушылары осындай пікір білдірді, деп хабарлайды «24 хабар» телеарнасы.

Министр Нұрлан Ермекбаев Брюссельдегі жұмыс сапары барысында Еуропарламенттің Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі делегациясының басшысы, Еуроодақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі және Бельгия мұсылмандары атқарушы комитетінің басшысымен кездесті. Жиынға қатысушылар ынтымақтастық барысы конфессияаралық диалог жүргізу және діни экстремизмге қарсы тұру туралы пікір алмасты. Нұрлан Ермекбаев еуропалық саясаткерлер мен сарапшыларға Қазақстанда экономикалық саяси және қоғамдық жаңғыртуды іске асыру бағытында атқарылып жатқан шаралар жайлы айтып берді. 

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

– Негізінде екі жақты мәселелер талқыланды. Буриан мырза Қазақстанның азаматтық қоғамының дамуы туралы бірнеше ұсынысын айтып, Қазақстанда адам құқықтарының қамтамасыз етілетінін және діни бірлестіктердің іс-әрекетіне барлық қажетті жағдай жасалғанын атап өтті. Біз Еуропарламентпен де, Еурокомиссиямен де тұрақты түрде сұхбат жүргізуге келістік. 

Салах Эшшалауи, Бельгия мұсылмандары атқарушы комитетінің басшысы:  

– Біз ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасуды жалғастырмақ ниеттеміз. Сирия мәселесін шешуге бағытталған Астана процесін қолдаймын және араб елінде бейбітшілік орнату жолында Қазақстанға сәттілік тілеймін. Сириядағы зорлық-зомбылық құрбандары аз емес. Босып кеткен халық саны қаншама. Мұның бәріне дінбұзар ағымдар мен халықаралық лаңкестік ұйымдар қолдау көрсетіп отыр. Сондықтан бұл түйткілді тек бейбіт жолмен ғана шешуге болады.


.
Яндекс.Метрика