Орталық қызметкерлері Бейбітшілік және келісім сарайының қызметкерлеріне дәріс өткізді

Орталық қызметкерлері Бейбітшілік және келісім сарайының қызметкерлеріне дәріс өткізді

Бүгін Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы Бейбітшілік және келісім мұражайы директорының орынбасары Мұхашов Аманбек Мұхашұлы, Ақпараттық жұмыс бөлімінің басшысы Есенова Дианна Бекханқызы, Дінаралық сұхбат бөлімінің бас сарапшысы Алимкулова Салтанат Бектемірқызы, Ақпараттық жұмыс бөлімінің аға сарапшысы Утемисов Асхат Талапұлының қатысуымен Астана қаласы Мәдениет басқармасы Бейбітшілік және келісім сарайының қызметкерлеріне дәріс өткізді.

 

Жиын барысында қызметкерлерге 25 жыл тәуелсіздік уақыт ішінде Қазақстанның дін саласындағы жетістіктері, Орталықтың негізгі мақсаттары, қызметі мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі туралы, зайырлылық қағидасы және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу туралы айтылды. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы дәстүрлі емес діни ағым туралы бейне ролик көрсетілді.


.
Яндекс.Метрика