2017 жылғы 19 сәуірде Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам және өркениет» тақырыбында ІІ республикалық имамдар форумы болып өтті

2017 жылғы 19 сәуірде Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам және өркениет» тақырыбында ІІ республикалық имамдар форумы болып өтті

Форумға еліміздің барлық өңірлерінен 500 мешіт имамдары, медресе ұстаздары мен шәкірттері, еліміздегі діни конфессиялардың басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары мен мемлекеттік органдардың өкілдері,мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ алыс-жақын шет елдердің діни бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Форум жұмысы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Б. Ермекбаевтың Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берумен басталды.

Форум барысында Діни басқармамен арнайы әзірленген «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы»  тұжырымдамасы мен «Ханафи мазхабы мен Матуриди сенім мектебі - Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» ұстанымы бекітілді.

Аталған құжаттарда Қазақстандағы исламның  дәстүрлі мектебінің бірі болып табылатын Ханафи мазхабының ерекшелігі, еліміздегі мешіт имамдарының ХХІ ғасырдағы заман талабына сай жан-жақты білім алып, жамағатқа үлгі болу талабынан туындайтын мәселелер қамтылған.

Форумда Үндеу қабылданып, онда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ұлттық код пен ұлттық бірегейлікті сақтау мен нығайту желісінде халқымыздың діни тұтастығы мен рухани жасампаздығын қамтамасыз етіп келе жатқан дәстүрлі ислам дінінің әлеуетін қоғамымыздың рухани жетілуіне жұмылдырылатыны көрініс тапты.

Форумда сөз алған ҚМДБ төрағасы, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы ел мұсылмандарының мүддесін білдіретін Муфтият пен мешіт имамдарының жамағаттың діни қажеттіліктерін өтеу, қоғамымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту, еліміздегі этносаралық және конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау бағытында атқарып отырған жұмыстарына жан-жақты тоқталып, оның алдында тұрған жаңа міндеттер мен басымдықтар туралы айтып өтті.

Министр Н.Б. Ермекбаев өз баяндамасында Қазақстанның өсіп-өркендеуі көптеген факторлардан, оның ішінде діннің қоғамдағы орны мен рөлін дұрыс түсінуге байланысты екендігіне баса мән бере келіп, «ұлттық-мәдени құндылықтар мен дәстүрлерді, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтаудамемлекеттің стратегиялық әріптесі ретінде еліміздегі дәстүрлі исламның бірден-бір мойындалған құрылымы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын көруіміздің толық қисыны бар» деп атап өтті. 

Н.Б. Ермекбаев өз сөзін«Мемлекет діни бірлестіктермен өзара әрекеттестікті қолдайтын болса да, Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек» деп жалғастыра отырып, «Қазақстанның зайырлы қағидаты исламның және заңды негізде қызмет атқарып отырған басқа да діндердің рухани мұраларын құрметтеуге және әрбір азаматтың дінді таңдай алубостандығына негізделетіндігін» жеткізді.

Форумда сөз алған баяндамашылардың ойы, сайып келгенде, «мешіт имамдары  өздерінің білімі мен біліктіліктерін әрдайым көтеріп отыруға, елімізге тән дәстүрлі исламның жасампаз құндылықтарын насихаттауға,ел тұрғындарына дәстүрлі ислам мен қоғамымызда бой көрсетіп жүрген әртүрлі жат ағымдардың аражігін ашып көрсетуге жұмылдыруы тиіс» деген тұжырымға негізделді.


.
Яндекс.Метрика