Каирде Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Мысыр Уақыфтар істері жөніндегі министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын 2017 жылғы 8-9 наурыз аралығында Каир қаласында (Мысыр) өткен Қазақстан-Мысыр сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 5-ші отырысына қатысты.
Іс-шара Қазақстан мен Мысыр арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуының 25-жылдығы шеңберінде өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ал мысыр тарапын – МАР Инвестициялар және халықаралық ынтымақтастық министрі Сахар Наср ханым басқарды.
Келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың жан-жақты мәселелері, соның ішінде дін саласындағы сұрақтар қарастырылды.