Таиланд конфессияларының өкілдері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің халықаралық бейбітшілікті нығайтудағы рөлін атап өтті

Таиланд конфессияларының өкілдері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің халықаралық бейбітшілікті нығайтудағы рөлін атап өтті

2018 жылғы 25 қазанда Бангкок қаласында Қазақстанның Таиландтағы Елшілігінің бастамасымен Бүкіләлемдік буддисттер қоғамдастығының штаб-пәтерінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезінің қорытындыларына арналған «Қазақстан мен Таиланд: конфессияаралық келісімге қосқан үлесі» атты халықаралық конференция өтті.

Конференцияның негізгі идеясы - Таиландтың жұртшылығының назарын Қазақстан Республикасының әртүрлі конфессиялар арасындағы диалогты дамыту және жаһандық бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы өзара іс-қимылын күшейту жөніндегі қызметіне аудару, сондай-ақ осы саладағы тәжірибе алмасу болды. Конференцияға мемлекеттік органдардың, қоғамдық және академиялық топтардың, діни ұйымдардың, сондай-ақ Таиландтың дипломатиялық корпусы өкілдері қатысты.

Конференцияда Елші Раушан Есболатова құттықтау сөзін сөйлеп, тыңдаушыларды Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезі жұмысының қорытындыларымен таныстырды. Атап айтқанда, Декларацияның негізгі қағидалары, сондай-ақ пленарлық және секциялық отырыстарының тақырыптары ашылды. Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынған «Манифест. «Бейбітшілік. XXI ғасыр» атты құжатына ерекше назар аударылды.

Сонымен бірге, іс-шара қатысушылары Қазақстан Республикасы Президентінің түрлі діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы бейбітшілік, келісім және жемісті диалогты қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық платформа құру жөніндегі бірегей бастамасын іске асыру нәтижесі ретіндегі Съездің тарихымен таныстырылды.

Аталған халықаралық іс-шараға Таиландтың атынан қатысқан Бүкіләлемдік буддисттер қауымдастығы президентінің кеңесшісі Т.Сучарикул және Дүниежүзілік бейбітшілік уәкілі кеңсесінің Бас хатшысы П. Товивич Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезі жұмысына қатысты өз пікірлерімен бөлісті. Делегаттар Съездің өзара сенім мен сыйластық атмосферасын қалыптастыру мақсатында діни және саяси лидерлердің күш-жігерін біріктіру бойынша бастамасына қолдау білдірді. Бұл олардың пікірінше тартысты жағдайлады болдырмауға көмектеседі. Сондай-ақ, Таиланд өкілдері мұндай кең ауқымды шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті.

Таиланд Корольдігі Мәдениет министрлігінің Дін істері департаментінің өкілдері өз кезегінде, конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудің ұлттық тетіктері туралы баяндады. Қазіргі таңда Корольдікте 15 діни ұйымдар ресми тіркелген, ал мемлекет мойындаған негізгі діндер буддизм, ислам, индуизм, сикхизм және христиан болып табылады.

Тұсаукесерден кейін жемісті пікірталас өтіп, оның барысында іс-шараға қатысушылар түрлі діндер мен мәдениеттер арасындағы диалогты дамыту өзектілігі, сондай-аө бұл тұрғыдағы Съез рөлінің маңыздылығы туралы келісімге келді. Атап айтқанда, индуизмнің өкілі «Хинду Самадж» Төрағасының кеңесшісі Сатхит Кумарн, қазіргі заманғы әлемде байқалып отырған жоғары қақтығыстар мен өзгерістердің жылдамдығы, Конгресті жиі, мысалы, екі жылда бір рет өткізу мүмкіндігін қарастыру қажет деген пікір білдірді. Сонымен қатар, Таиландтағы Орыс Шығыс ортодаксалдық Шіркеуінің өкілі Архимандрит Олег (Черепанин) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Таиланд Королі Пумипон Адульядеттің (Rama IX) төзімділік пен дінаралық диалог идеяларын қолдайтын көзқарастарының ұқсастығын атап өтті. Өз кезегінде Таиланд Католик епископтары конференциясы Бас хатшысының орынбасары Эндрю Виссану Танья-Анан түрлі діндердің өкілдері арасында жеке байланыс орнатудағы Съездің рөлін атап өтті.


.
Яндекс.Метрика