«МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ: ТАРИХЫ МЕН БОЛАШАҒЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯҒА МӘДЕНИЕТТЕР ПЕН ДІНДЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАТЫСТЫ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ: ТАРИХЫ МЕН БОЛАШАҒЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯҒА МӘДЕНИЕТТЕР ПЕН ДІНДЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАТЫСТЫ

2018 жылғы 26 қазанда 9.30 сағатта Назарбаев орталығының ғимаратында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел идеясы: тарихы мен болашағы» атты республикалық ғылыми конференцияға мәдениеттер пен діндер халықаралық орталығының қызметкерлері қатысты.

Конференция Қазақстанның үшінші жаңғыруы – қоғамның рухани жаңаруы міндеттері мәнмәтінінде өткізіледі. 

Конференцияға танымал отандық ғалымдар, академиктер, профессорлар, доценттер, сонымен қатар докторанттар мен магистранттар қатысты. Оның ішінде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының, ҚР БҒМ Ғылым комитеті, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі академиясы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы, ҚР Ұлттық музейі, «Өрлеу» АҚ Павлодар облысы филиалы мұражай бөлімі, ЦИОМ (Қоғамдық пікір зерттеу орталығы), «Тұран» білім корпорациясы, «Тұран-Астана» университетінің қызметкерлері мен өкілдері конференцияда Мәңгілік ел идеясына байланысты жұмыстардың тарихи, экономикалық, саяси, философиялық, мәдени, әлеуметтік, құқықтық және басқа  да қырларын талқылады.

Конференцияның модераторы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов сөз сөйледі.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша «Қазақстан жолы: Мәңгілік Ел» монографиясын шығару  жоспарланған.

 


.
Яндекс.Метрика