Орталық қызметкері Сингапур төріндегі апталық оқу-семинар курсында

Орталық қызметкері Сингапур төріндегі апталық оқу-семинар курсында

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының қызметкері Ж.А.Қасымова «Әлеуметтік бірлік және нәсілдік үйлесім» атауымен Сингапурда өтіп жатқан бір апталық курсына қатысып, баяндама жасады.

Баяндама барысында Ж.А.Қасымова Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2006 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлрінің ІІ Съезі аясында Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы құрылғандығын баяндады.

Орталықтың қызметі халықаралық деңгейде конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты нығайтуға, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін ұйымдастыруға және өткізуге, съезд Хатшылығы және Жұмыс тобының отырыстарын өткізудегі Қазақстан Республикасының бірегей тәжірибесін жылжытуға бағытталған. Сондай-ақ, мемлекеттік-конфессионалдық қатынастар, дінаралық диалог және дін мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардың қызметіне ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету, деп атап өтті.

Сонымен қатар Ж.А.Қасымова өз баяндамасында Қазақстанның дінаралық және конфессияаралық келісімнің ерекше тәжірибесі, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі диалог алаңының миссиясы, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы бітімгершілік бастамасы туралы кеңінен таныстырып өтті.

 


.
Яндекс.Метрика