ЕҚЫҰ-ны зерттеу Орталығы директорының орынбасары Франк Эверсонмен кездесу өтті.

ЕҚЫҰ-ны зерттеу Орталығы директорының орынбасары Франк Эверсонмен кездесу өтті.

Бүгін Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы директоры ф.ғ.д., профессор А.П. Абуов ЕҚЫҰ-ны зерттеу Орталығы директорының орынбасары Франк Эверсонмен кездесу өткізді.

Кездесу аясында әлемдегі діни ахуалды зерттеуде екіжақты ынтымақтастық, «Дін және қауіпсіздік» жобасына бірлесіп қатысу мәселелері талқыланды.

Екіжақты кездесу барысында Фрэнк Эверсон Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі диалог алаңының бірегейлігі мен тиімділігін, сондай-ақ дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісін ерекше атап өтті.

Кездесу барысында Орталық директоры А.П. Әбуов Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2006 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлрінің ІІ Съезі аясында Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы құрылғандығын сөз қылды.

Орталықтың қызметі халықаралық деңгейде конфессияаралық келісімі мен дінаралық диалогты нығайтуға, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін ұйымдастыруға және өткізуге, съезд Хатшылығы және Жұмыс тобының отырыстарын өткізудегі Қазақстан Республикасының бірегей тәжірибесін жылжытуға бағытталған. Сондай-ақ, мемлекеттік-конфессионалдық қатынастармен, дінаралық диалогпен және дін мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардың қызметіне ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету, деп мәлімдеді.

Кездесу соңында тараптар дін және қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді зерттеу бойынша өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға қызығушылықтарын білдірді.


.
Яндекс.Метрика