Әлемге танымал академиялық Вульф институтымен (Ұлыбритания) Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы Меморандум жасасты.

Әлемге танымал мұсылмандар, христиандар және иудейлер арасындағы қарым-қатынасты зерттейтін академиялық Вульф институты Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығымен бірлесе отырып ынтымақтастық туралы Меморандум жасасты.

Аталған құжатқа Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы директоры А.П. Абуов пен Вульф институтының директоры Эдвард Кесслер қол қойды. Меморандум жүйелі негізде ақпарат алмасу, зерттеу мен тәжірибе алмасу, сондай-ақ кеңес беру, дін саласындағы бірлескен іс-шаралар және өзекті мәселелер бойынша дәрістерді өткізуге мүмкіндік береді.

Тараптар бұдан басқа, дінаралық диалог пен келісімді, діни бірлестіктердің өкілдері үшін білім беру бағдарламаларын ілгерілетуде ынтымақтастықты дамытуға ниетті.

Кездесу барысында Орталық директоры А.П. Әбуов Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2006 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлрінің ІІ Съезі аясында Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы құрылғандығын атап өтті.

Орталықтың қызметі халықаралық деңгейде конфессияаралық келісімі мен дінаралық диалогты нығайтуға, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін ұйымдастыруға және өткізуге, съезд Хатшылығы және Жұмыс тобының отырыстарын өткізудегі Қазақстан Республикасының бірегей тәжірибесін жылжытуға бағытталған. Сондай-ақ, мемлекеттік-конфессионалдық қатынастармен, дінаралық диалогпен және дін мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардың қызметіне ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету.

Вульф институтының директоры Эдвард Кесслер институт жанынан дін және мәдениет мәселелері бойынша және Қазақстан діни бірлестіктері өкілдеріне арналған 16 апталық білім беру бағдарламасын  құруды ұсынды.

Кездесу барысында тараптар толеранттылық пен бейбітшілік саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға өзара қызығушылық танытты.


.
Яндекс.Метрика