Құрметті мұсылман қауымы!

Құрметті мұсылман қауымы!

       Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы күллі мұсылман баласы қасиет тұтқан, ұлық Рамазан айының басталуымен құттықтайды!
    Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айы баршамызға құтты-берекелі болғай. Рамазан – сабырлылық, рақымдылық пен мейірімге, кешірім мен ізгілікке, жақсылық пен берекеге бастайтын қасиетті мерзім.
      Рамазан – адамзат баласын бейбітшілік пен бірлікке, тағаттылық пен ұстамдылыққа үндейтін ай.
      Көп ұлтты халқымыздың ынтымағын арттыратын, өзара сыйластық пен татулыққа үндейтін ерекше уақыт.
      Осы ерекше және қасиетті айда әрбір шаңыраққа шаттық пен денсаулық, игілік пен бақ-береке тілеймін.
      Баршаңыздың тұтқан оразаларыңыз, ізгі ниеттеріңіз қабыл болсын!
Image result for мечеть хазрет султан астана

.
Яндекс.Метрика