Астанада жаңа мешіт ашылды

Астанада жаңа мешіт ашылды

Астанада жаңа мешіт ашылды

Жаңа Ырыскелді қажы» мешіті 750 адамға лайықталған, ғимараттың ауданы – 2248 шаршы метрді құрайды.

Мешіттің ашылу рәсіміне ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз, мемлекеттік орган басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары және елорда тұрғындары қатысты.

Дархан Кәлетаев мешіттің ашылуымен құттықтай отырып, оның дінаралық келісімді нығайтуда маңызды рухани орталық болатынына сенім білдірді.

Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан мешіттің құрылысы 2016 жылы басталды. Жаңа мешіт қайырымдылық мақсатпен жиналған қаражат есебінен тұрғызылды. Мешіт ғимараты дәстүрлі өрнектер мен декоративті элементтер қолданыла отырып, постмодернизм стилінде салынған. Негізгі ғимарат күрделі әрі жартылай сфералық нысанды елестетеді. Оның қабырғалары үшбұрыштана сүйірленіп, диаметрі 26 метрлік күмбезбен жалғасқан.

Мешіттің сыртқы дизайны гүлді әрі алмастың қырларын еске салады. Мешіттің басты ғимаратының солтүстік жағында орналасқан мұнараның биіктігі – 43,5 метр. Ол «қалам» – «қасиетті қауырсын» түрінде бой көтерген.

Мешіттің бас сәулетшісі Сағындық Жамболатов жаңа мешітті энергия қуатымен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын баламалы энергия көздері қолданылатынын атады.


.
Яндекс.Метрика