Super User

Super User

Пресс-релиз

2017 жылдың 25 тамызы, сағат 11:00-де «Діни экстремизм мен терриоризмнің алдын алудағы ардагерлердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Өткізілген орны Сарыарқа даңғылы 13, «Сарыарқа» аудандық әкімдігінің ғимараты.

Аталған іс-шара Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Аманшаевтың, Астана қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.С. Есіловтың, Орталық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары О.О. Озғанбаевтың, ДІАҚМ Діндер мен мәдениеттер орталығының директоры А.П. Абуовтың, Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Д.Н. Есиннің және діни бірлестік өкілдері мен дін саласындағы эксперттердің қатысуымен өткізілді.

Жаһан террорлық актілер жайында ең алғаш  2001 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы болған террорлық актілердің салдарынан қанық бола бастады. Осы ретте әлемде болып жатқан жан түршігерлік құбылыстардың салқыны біздің елімізге де өз әсерін тигізбей қоймауда.

Қазақстан Республикасының 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес сонымен қатар, мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бекітілген болатын, бағдарламаның негізгі мақсаты діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатерлеріне жол бермеу арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар:

«Ардагерлер ұйымы» РҚБ Астана қалалық филиалы, Астана қаласы ішкі саясат басқармасы, Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы.

Дөңгелек үстел барысында жастарды Отан сүйгіштікке және жастар патриоттық рухта тәрбиелеуде аға буын өкілдерінің рөлі және қоғамның діни экстремизм мен терроризмге қарсы күш біріктіруге шақыру мәселелері талқыланды.

Бүгінде Қазақстан терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында тиімді шараларды қолға алуда. Сондай-ақ,  Қазақстан Республикасының 2013-2017 жылдарға терроризм мен экстремизмнің алдын алуға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Аталған бағдарламада лаңкестік қаупінің алдын алуға арналған нақты механизмдер мен әдістер қарастырылды. 

Дөңгелек үстел барысында ДІАҚМ Діндер мен мәдениеттер орталығының директоры А.П. Абуов аталған іс-шара тақырыбына сәйкес баяндама жасап, терроризм мен экстремизм қаупінің алдын алуда аға буын өкілдері ардагерлердің жастар тәрбиесінде алатын орнының маңыздылығын нұсқай отырып, бірлесе жұмыс жасаудың тиімділігін атап өтті. 

Діни бірлестік өкілдері дін саласындағы Заң жобасын талқылады

Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның діни бірлестіктерінің өкілдері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын талқылау бойынша жиналыс өткізді.
 
​Аталған іс-шараға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің вице-министрі Б.С. Арын, Дін істері комитетінің төраға міндетін атқарушы Е.А. Оңғарбаев, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры А.П Абуов, сондай-ақ діни бірлестіктер басшылары мен өкілдері, атап айтқанда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, Қазақстандағы православ шіркеуі, Қазақстандағы Рим-Католик шіркеуі, Евангельдік-лютеран шіркеуінің өкілдері қатысты.
 
Талқылатып отырған Заң жобасында шетелде діни білім алу, дін қызметіне мемлекеттік қызметкерлердің қатысуы, діни жоралғылар мен рәсімдер бойынша некені қиғызуға қатысты жаңа нормалар көрсетілген.
​Заң жобасы аясында сондай-ақ, қоғамдық орындарда адамның бет-бейнесін тұмшалайтын киім түрлерін киюге, деструктивті идеологиялық ағымдарды насихаттайтын киім түрлерін киюге және таратуға шектеу қою көзделген. Сондай-ақ, аталған киім түрлерін БАҚ-та жарнамалауға тыйым салынады.
 
​Бұдан бөлек, Заң жобасы діни бірлестіктердің қаржылық ашықтығын қамтамасыз ету, діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың жұмысының тиімділігіне баға беру жүйесін енгізу, діни қатынастар субъектілерінің қызметіне дін саласындағы уәкілетті органның бақылауын күшейтуге бағытталған.
Шара барысында вице-министр Берік Арын: «аталған заңнамалық құжатты қабылдау- рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту бойынша дін саласында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары жұмысының тиімділігін арттыратыны сөзсіз, сондай-ақ, қоғамда діни радикалды идеялардың таралуына жол бермейді»-деп атап өтті.
 
Ал, діни бірлестіктер өкілдері заң жобасын қолдап, өздерінің ұсыныстарын білдірді. Естеріңізге сала кетейік, аталған Заң жобасы талқылану үшін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ресми сайтына және «Электронды Үкімет» порталына орналастырылған.  
 
Қазақстанда дін туралы заңнамаға түзетулер енгізілуде

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде вице-министр Берік Арынның төрағалығымен  «Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылау жөніндегі отырыс өтті.

Аталған отырысқа Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының басшылық құрамы, имамдар, «УАҚЫП» қайрымдылық қорының және Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының өкілдері мен дінтанушы ғалымдар қатысты.

Кездесу барысында отырыстың ашылуында сөз алған вице-министр Берік Арын діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамада азаматтардың құқықтарына кепілдік беретін және қорғайтын, екінші жағынан дінді экстремистік және басқа да деструктивті мақсатта қолдану мүмкіндігін төмендетуге бағытталған құқықтық нормаларды қалыптастыру қажеттігін баса айтты.

Ал, дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Мырзаев Балғабек заң жобасына енгізілетін жаңашылдықтарға тоқталды. Оның сөзінше, заң жобасында шетелде діни білім алу, қоғамдық орындарда адамның-бет бейнесін тұмшалайтын киім түрлерін киюді шектеу, дін қызметіне мемлекеттік қызметкерлердің қатысуы, дін жоралғылары бойынша некені қиғызуға қатысты жаңа нормалар қабылданатын болады.   

Бұдан бөлек, заң жобасы аясында  БАҚ-та жарнамаланатын  және таратылатын деструктивтік идеологиялық ағымдардың  киім түрлерін киюге шектеу қою көзделген. Бұл өз кезегінде кәмелеттік жасына толмаған жасөспірімдердің заңсыз діни ағымдарға тартуға қатысты жауапкершілікті күшейтеді.  

Отырыс барысында қатысушылар дін мәселелері бойынша заңнамалық актілерге ензілетін түзетулердің маңыздылығына тоқталды. Олардың айтуынша Заң жобасы діни экстремизм идеологияларының тарап кетуінің алдын-алу бойынша жалпы мемлекеттік жүйені қалыптасыру және мемлекеттің зайырлы қағидаттарын күшейтуге негіз бола алады.

Естеріңізге сала кетейік, аталған Заң жобасының толық нұсқасы                                     ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ресми сайтында және «Электронды Үкімет» порталында жарияланған. 

Осы RSS каналға жазылу
.
Яндекс.Метрика