6. Орталық қызметін қаржыландыру және мүлкін құру тәртібі

6.1 Орталық мүлігі мемлекет берген мүлік есебінен және негізгі қордан тұрады, сонымен қатар айналым қаржысы, құны орталық балансына байланысты басқа да мүліктерден тұрады.

6.2 Орталық мүлігі Орталықтың меншігіне беріледі және мемлекеттің меншігіне жатады.

6.3 Орталық қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.

6.4 Еңбекақы төлеу егер басқа заңнамалық актілермен бекітілмесе, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұстала¬тын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

6.5 Орталықтың ақша қаражаттары, сонымен қатар:

- Заңды және жеке тұлғалардың ерікті қайырымдылығы есебінен;

- Заңнамалық актілерде тыйым салынбаған басқа да түсімдер арқылы құрылуы мүмкін.

6.6 Орталық бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтарындағы № 30 Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулығы бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

6.7 Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметіне уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамасына сәйкес тексеру және бақылау жүргізеді.

6.8 Мемлекеттік мекеменің қаржы – шаруашылық қызметін тексеруді және тексеріс жүргізуді заңдарда белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

.
Яндекс.Метрика