4. Орталықтың қызметін ұйымдастыру

4.1. Орталықты жалпы басқаруды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес белгіленген уәкілетті орган жүзеге асырады.

4.2 Орталық басшысы бекітілген заңнамаға қайшы келмейтін жағдайда, уәкілетті органмен қызметіне тағайындалады және босатылады.

4.3 Орталық басшысы тікелей уәкілетті органға бағына отырып, Орталық жұмысын басқарады және ұйымдастырады (бекітілген заңнамаға қайшы келмейтін жағдайда) және Орталыққа жүктелген міндеттер мен оның орындалу барысына дербес жауапкершілікті мойнына алады.

4.4 Орталық басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген және осы Жарғыға сәйкес оның құзырлығына байланысты біркелкілік қағидаларын қолданады және орталық қызметін өз бетінше дербес шешеді.

- Орталық басшысы бекітілген заңнамаға сәйкес орталық қызметінің орындалу барысында:

- Орталық атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасай алады.

- Барлық ұйымдарда Орталықтың мүдделерін таныстырады.

- Бекітілген заңнамаға сәйкес түрлі жағдайларда және мөлшерде мүлікке иелік етеді.

- Шарттар жасасады.

- Сенімхат береді.

- Орталықтың іссапар, тағылымдама, қызметкерлердің қазақстандық және шетелдік оқу орындарында білім алуы, қызметкерлердің әртүрлі білім жетілдіру жоспарларын бекітеді.

- Банктік есеп-шоттар ашады.

- Барлық қызметкерлерге міндетті бұйрық шығарады және нұсқау береді.

- Уәкілетті орган тағайындаған қызметкерлерден басқа Орталық қызметкерлерін жұмысқа алады және жұмыстан босатады.

- Орталық қызметкерлерін мадақтайды және тәртіптік жазалау қолдана алады.

- Орынбасардың (орынбасарлардың) және Орталықтың басқа қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін және құзырлықтарын анықтайды.

- Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу жұмыстарын ұйымдастырады және аталған жұмыс бойынша дербес жауапкершілікті міндетіне алады.

- Заңнамаға сәйкес, уәкілетті орган мен осы Жарғыда оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

4.5 Орталық басшысы болмаған уақытта оның міндеттері оның орынбасарына жүктеледі.

4.6 Орталық қызметін ұйымдастыру басқа мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, олардың құзыреті мен өкілеттігі Орталықтың жұмыс регламенті мен ережелерімен белгіленеді.

4.7 Орталық жұмыс кестесі қазіргі заңнамаға сәйкес белгіленеді.

4.8 Орталық байқау кеңесін құрмайды.

.
Яндекс.Метрика