3. Орталықтың заңды мәртебесі

3.1 Орталық мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқығын иеленеді және өз қызметін Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, сонымен қатар осы Жарғыға және халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырады.

3.2 Орталық заңнамаға сәйкес банкте өзіндік балансқа, шоттарға, мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы көрсетілген бланкілерге, мөрлер мен мөртабандарға ие бола алады.

3.3 Орталық басқа заңды тұлғаны құра алмайды және құрылтайшысы (қатысушы) бола алмайды.

3.4 Орталық оның қарауындағы ақшаларға өз міндеттемелері бойынша жауапты болып саналады. Орталық ақшасында жетіспеушілік болған жағдайда оның міндеттемесі бойынша жауапкершілік Қазақстан Республикасы Үкіметіне жүктеледі.

3.5 Орталықпен жасалған азаматтық-құқықтық келісімдер Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіп бойынша тіркеледі. Шартты міндеттемелер бойынша Орталық жауапкершілігі заңнамаға сәйкес Орталық қаражатының бекітілген қаржы есебі мөлшерінде міндеттеледі.

.
Яндекс.Метрика