2. Орталық қызметінің мәні мен мақсаты

2.1. Ерекше ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту мекеме ретінде Орталықтың негiзгi міндеттерi Қазақстан Республикасының және оның Елбасы - Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың дінаралық және конфессияаралық келісім аясында өткізілетін мемлекеттік саясатына қатысты материалдарды кешендi түрде жинау, жүйелеу, зерттеу және жұртшылыққа танымал ету негiзiнде жинақтау процесiн ғылыми-әдiснамалық және ғылыми-әдiстемелік тұрғыдан қамтамасыз ету болып табылады.

2.2. Көрсетiлген мiндеттерге қол жеткізу үшін Орталық мынадай функцияларды жүзеге асырады.

1) Этникааралық және конфессияаралық келісім аясындағы қазақстандық тәжірибенің халықаралық деңгейде таралуына жәрдемдесу.

2) Жақын және алыс шетел өкілдері арасында мәдени, конфессиялық және басқа да байланыстарды жандандыруға жәрдемдесу.

3) Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін, Съездің Хатшылығын және оның Жұмыс тобын өткізу мен дайындық жұмыстарын жүргізуге қатысу.

4) Әлемдік және дәстүрлі діндер Съезді, Съездің Хатшылығы және оның Жұмыс тобының жаһандық күн тәртібіне ұсыныстарды пысықтау мен ұсыну.

5) Орталықты әр қатысушыны жаңа идеялар мен ұсыныстарға қанаттандыратын Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің жұмыс құрылымын қалыптастыру және бағыттау.

6) Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездеріндегі бастамаларды іске асыруға көмектесу.

7) Шығармашылық және ғылыми зиялы қауым, жастар бірлестіктері, зайырлы және діни БАҚ өкілдерін мәдениетаралық және конфессияаралық диалогқа тартуға жәрдемдесу.

8) Өзге елдердегі дін және қоғам қайраткерлерімен байланыс пен өзара әрекеттестік орнатуға жәрдемдесу.

9) Мәдениет пен діндер аясындағы қатынастар үндестігінің халықаралық тәжірибесін зерттеуге жәрдемдесу.

10) Мемлекеттік органдарға жатсынушылық пен төзе алмаушылыққа, діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы күресуге жәрдемдесу.

11) Әлемдік және дәстүрлі діндерге байланысты ресми және басқа да тарихи материалдарды табу, зерттеу және пайдалану.

12) Орталықтың зерттеу және насихат қызметiн әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк, ақпараттық қамтамасыз ету.

13) Қазақстанды мәдениетаралық және дінаралық диалог орталығы ретінде насихаттауға бағытталған имидждік іс-шаралар ұйымдастыру.

14) Орталық қызметінің негізгі бағыттарының ғылыми тұжырымдамаларын әзірлеу.

15) Орталықтың ғылыми-зерттеу, әдiстемелік қызметiнiң нәтижелерiн насихаттау мен тарату.

16) Ғылыми-зерттеу және гуманитарлық жобаларды жүзеге асыру.

17) Қазақстан Республикасы мен шетелдердегі діни ахуалдарға әлеуметтік зерттеулер жүргізу.

 

18) Әртүрлі діни басылымдар, фильмдер, СD-дискілерге дінтанушылық сараптамалар жасау.

19) Анықтамалықтар, ғылыми еңбектер жинағын және «Келісім әлемі» журналын баспаға әзiрлеу және басып шығару.

20) Орталық қызметкерлерінің ғылыми еңбектерін дайындау және басып шығару.

21) Отандық және шетелдiк ұйымдардың ғылыми және мәдени-ағарту бағдарламаларын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу.

22) Отандық және шетелдiк ұйымдардың ғылыми және мәдени-ағарту бағдарламаларын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу.

23) Тиiсті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бiрлесе отырып дін мен конфессияаралық диалог саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен iске асыруға қатысу.

24) Конфессияаралық келісім мен төзімділік мәселелер, сонымен қатар Қазақстан Республикасы дін аясындағы мемлекеттік саясатты насихаттау бойынша көрмелер мен экспозициялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.

25) Тұрғындардың түрлi санаттарымен жұмыс жасау үшін діни дәрiстер ұйымдастыру мен өткiзу.

26) Әлемдік және дәстүрлі діндер, секталар мен псевдодіни ағымдар бойынша ғылыми-анықтамалық материалдар әзiрлеу.

2.3. Орталықтың негiзгi мiндеттерiне жауап бермейтiн функцияларды жүзеге асыруға ол құқылы емес.

.
Яндекс.Метрика