1. Жалпы ережелер

1.1 «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 Қаулысы негізінде құрылған Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің ведомстволық қарасты ұйым болып табылады (бұдан әрі – Департамент).

1.2 Орталық өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ осы «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысын (бұдан әрі – Жарғы) басшылыққа алады.

1.3 Орталық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.

1.4 Орталықтың құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Республикалық мемлекеттік мекеменің мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ, оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі болып табылады (бұдан әрі – Агенттік).

1.5 Орталық өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының немесе оның орнын басушы тұлғаның актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

1.6 Орталықтың құрылымы мен штаттық саны Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Төрағасымен келісе отырып, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Жауапты хатшысымен бекітіледі.

1.7 Орталықтың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, индексі 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік көшесі, 57, «Бейбітшілік пен келісім сарайы».

1.8 Орталықтың толық атауы – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

1.9. Осы Жарғы Орталықтың құрылтай құжаты болып табылады.

1.10 Орталықтың қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

.
Яндекс.Метрика