А.М. Мухашов

МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ДІНДЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДАЙЫНДАҒАН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ТҮСКЕН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАРЫ

Сұрақ:

Махамбет Абжан

17 сентября в 16:56

1. Қазақстанның дәстүрлі діндері ханафит мазһабындағы сунниттік ислам және Орыс православие шіркеуі деген екі дін саналады. Қандай критерийлер бойынша дәл осы екі дін дәстүрлі болып саналатын болды? Неге мемлекет құрушы титулдық этнос қазақтың діні ислам ғана дәстүрлі дін деп танылмады? Байырғы этностардың діні католицизм немесе басқа да діндер неге дәстүрлі деп танылмады?

2. Елімізде білім ұйымдарында хиджаб киюге тыйым салынды деген хабарлар бірнеше рет мәлім болған. Мектептерде, жоғары білім орындарында, мемлекеттік қызметте хиджаб киюге тыйым бар ма? Бар болса, конституциялық құқықтар шектеліп тұрған жоқ па?

3. Қазақстанда тұратын православиеліктер Мәскеу патриархатынан басқарылатыны мәлім. Украиналық Қырымды басып алуды қолдаған Мәскеу патриархатына қарайтын еліміздегі епархиялар Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді дегенге не айта аласыз?

4. Ұзын сақал өсіріп жүретін азаматтарымызға министрліктің пікірі қандай?

5. Қазақстанда қандай діндерге, діни ұйымдарға тыйым салынған.?

6. Азаматтарымыздың шетелдік әскери дауларға қатысуын алдын алу үшін министрлік жағынан қандай қызмет атқарылуда?

7. "Зайырлы мемлекет" "зайырлы қоғам", "зайырлылық" деген ұғымдарды қалай түсінуге болады?

8. Жуырдағы үкіметтің реорганизациясының Дін істері агенттігіне салдары қандай болды?

 

Жауап:

Махамбет мырзаға.

Біріншіден, Сіздің бірден дін туралы сұрақтарды жаудырғаныңызға ризашылығымды білдіремін. Көп рахмет. Әрине, бірден 8 сұраққа жауап беру маған көптеу болып отыр, дегенмен, қысқаша жауап беруге тырысамын.

Екіншіден, менің еліміздегі дін саласында біраз сұрақтар мен мәселелерді білетінім рас, бірақ, «менің білетінім - бір тоғыз, білмейтінім –тоқсан тоғыз» - дегендей, өте күрделі де нәзік сала дін саласындағы сұрақтарға қысқаша, ықшамдап жауап беруге дайынмын.

1-сұраққа жауап

Ең алдымен, Сіз айтқандай «Қазақстанның дәстүрлі діндері - екі дін» деп, саналмайды. Қазақстанда оннан астам дәстүрлі діндер бар: Мұсылмандардың дәстүрлі діні – ислам, орыс, беларус, украин халықтарының дәстүрлі діні – орыс православ шіркеуі, поляк, италиян халықтарының және көптеген европадағы ұлттардың дәстүрлі діні - католиктік дін, еврей халықтарының дәстүрлі діні – иудайзм, кәріс, қытай халықтарының діні – буддизм, даосизм және т.б. Бір сөзбен айтқанда, әр ұлт өкілдерінің өзіне тән, дәстүрлі діні болады.

Біздің жаңа діни заңымызда көрсетілгендей, Қазақстанда «Ешбір дін мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбеген».Дегенмен, дін туралы Заңның кіріспесінде ханафи суниттері және православ христандарының рухани орны мойындалады.

2-сұраққа жауап

Меніңше, қазіргі таңда елімізде хиджаб кию, ия кимеу туралы сұрақтар ашық,  толық анықталған сияқты . Қазақстанда хиджаб киюге тыйым салынбаған. Ал, хиджаб қазақ әйелдерінің , қазақ қыздарының ұлттық киімі емес қой. Хиджаб – араб мұсылман әйелдерінің ұлттық киімі. Араб елдерінің әйелдері  «абайя» деген түрін киеді, Иран елінің қыз келіншектері «чадор» деген үлгісін бастарына киінеді. Ал, біздегі етектеріне аяқтары шалынып, қара орамалмен тұмшаланған жас келіншектер, кейбір студент қыздар қандай ағымның жетегінде жүр екен, ия, болмаса жәй «мода» деп, қара киініп жүр ме?. Қазіргі кезде осыған көпшілік назар аудармайды, жарасымсыз, дәстүрімізге де қайшы. Қара киінсең кие бер дегендей, салғырттықпен қарайды. Жүрегінде иманын сақтап жүрсе,қазақтың орамалы да жетпей ме?

3-сұраққа жауап

Қазақстандағы исламдық діни бірлестіктерден басқа, барлық діни бірлестіктердің орталықтары шет мемлекеттерде орналасқан. Дегенмен, олардың бәрінің мүшелері – қазақстандықтар, сондықтан, олар қазақстандық діни бірлестіктер.

Елімізде халықтың 23%- ы  христиан дінін ұстанады. «Орыс епорхияларынан қауіп төнеді деген сөзге нануға болмайды, ондай әңгімені қою керек қой. Есіңізде болсын, шын таза діндар азаматтар, қай дінді ұстанбасын отаншыл келеді, мемлекетке құрметпен қарайды, билікке мойынсұнады. Меніңше, дінге терең, берік сенген адамның ойы түзу, сөзі түзу, ісі түзу болады.

4-сұраққа жауап

Мен министрліктің атынан ешнәрсе айта алмаймын. Мен Сізге өзімнің пікірімді, білетінімді айтамын.

Меніңше, әр жігіттің өз еркі – сақал өсіре ме, жоқ па? Иә, бүгінде мешіттер маңында ұзын қара сақал өсіріп, балағы шолтиған шалбар киген, өздерін нағыз «мұсылман – батыр», өзгені – «кәпір» санайтын жастар бар. Әрине, діни экстремистердің белгісі – тек, сақал деп тануға болмайды. Біз « сөздің көркі - мақал, ердің көркі - сақал» деп, таныған қазақпыз ғой. Жігіттің сақалы өзіне жарасып тұрса дұрыс - ақ қой!  Менде сақал жоқ.

5-сұраққа жауап

Қазақстанда, Сіз айтқандай, ешқандай діндерге тыйым салынбаған. Ал, экстремистік, террористік діни бағыттағы ұйымдарға, діни бірлестіктерге тыйым салынған. Қазіргі таңда, елімізде тыйым салынған ұйымдардың саны 19 – ға жетті. Мысалы, 2004 жылы 15 қаңтарда және 2005 жылы 15 наурызда Жоғары сот шешімдерімен 11 террористік, экстремистік ұйымдарға тыйым салынды. Олардың ішінде – «Аль – Кайда», «Шығыс Түркістан», «Өзбекстанның исламдық қозғалыстары», «Талибан», «Боз гурд» сияқты ұйымдар бар.

Мысалы, «Боз гурд» («Сұр қасқыр») ұйымының мақсаты – Тұран ойпатында түркі халықтарының біртұтас мемлекетін құру. Кезінде, әлем жұртшылығын алаңдатқан, Рим Папасы Иоанн Павел екіншіге талтүсте оқ атқан Али Агджа – « Боз грудтың» мүшесі болатын.

Қазақстанда ашылып, жұмыс жасаған «Хизб-ут-Тахрир», «Халифат сарбаздары», «Таблиғи жамағат» секілді теріс ағымдағы ұйымдарға қазіргі таңда сот шешімімен тыйым салынған.

Мысалы, «Сенім. Білім. Өмір» қоғамдық бірлестігі Қазақстан аумағында 10 жылға жуық ашық жұмыс жүргізген.

Зікіршілердің «тақсыры», көсем – пірі Ысматулла Мақсұм мен белсенді ұстазы, Қазақ ұлттық техникалық университетінің бұрынғы профессоры Саят Ыбраев болған. 2011 жылы зікіршілердің 8 басшысын Алматы қалалық соты 2 жыл мен 14 жыл аралығында соттады.

6-сұраққа жауап

Бұл сұрағыңызды Қорғаныс министрлігіне бергеніңіз жөн. Дін істері комитеті  бұл мәселемен тікелей айналыспайды ғой.

7-сұраққа жауап

Біздің Конституциямыздың 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады,...» - деп анық айтылған.

Зайырлы мемлекет- белгілі бір дінге қолдау білдірмейді,себебі дін мемлекеттен бөлек. Ал, біздің бұрынғы 70 жыл жасаған  Кеңестік мемлекетіміз – атеистік мемлекет, дінге қарсы, дінсіз мемлекет болды. Халықтың тарихи, рухани өмірінің негізіне айналған дәстүрлі діннің зайырлы мемлекеттің дамуына өлшеусіз үлес қосары анық.Өркениетті елдердің бәрі дінді құрметтейді.

«Біздің мемлекетіміздің  зайырлылық сипаты – бұл Қазақстанның табысты дамуының  басты негізі. Осыны бүгін және келешек Қазақстандық  саясаткерлер және барша Қазақстандықтар жете түсінгені абзал»- деді  Президент  Н.А. Назарбаев.

Біздің «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңымыздың 3-бабында мемлекеттің  зайырлылық сипаты толық көрсетілген.

8-сұраққа жауап

Ия, Президент  Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Дін істері агенттігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті болып қайта құрылды. Комитет төрағасы болып Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы бекітілді.

****

Вопрос:

Религия Казахстан 

20 сентября в 11:15 

Как вы оцениваете религиозную ситуацию в целом по Казахстану?

20 сентября в 11:16

Недавно в СМИ появились сообщения о проведении в 2015 году Съезда религиозных лидеров. Какова значимость подобного мероприятия. Действительно ли важен этот форум?

20 сентябрь в 11:17 ·

Недавно Агентство по делам религий было реорганизовано в Комитет. Правильно было это сделано? С какими по вашему мнению, как чиновника, связаны эти процессы?

Ответ:

«Религия Казахстан», спасибо за вопросы.

Извините, а кто Вы будете? Давайте познакомимся, если, конечно, не секрет. Вы представляете журнал или объединение, мне просто интересно.

А теперь ответы на Ваши вопросы:

1. Религиозная ситуация в целом по Казахстану спокойная. Исторически Казахстан – страна религиозного плюрализма. Наша страна сегодня входит в число немногих государств мира, отличающихся огромным конфессиональным многообразием. Нас знают и уважают как страну сумевшую обеспечить баланс  между представителями различных конфессий. Сегодня в нашей стране обеспечено духовное возрождение и самое важное – межконфессиональное согласие и толерантность.

2. 18 сентября с.г. во Дворце мира и согласия прошло очередное XIII заседаниеСекретариата Съезда лидеров мировых и традиционных религий под председательством Руководителя Секретариата Съезда - Председателя Сената Парламента                         К.К. Токаева. Если говорить коротко, наш Съезд, диалог в религии, сегодня необходим и важен. Собрать за круглым столом лидеров и известных представителей всех религий мира, а теперь, вместе с ними и отдельных политических деятелей – это «казахстанский бренд», так сказать, «лицо Казахстана». Сейчас ни у кого не вызывает сомнения вопрос о необходимости проведения Съезда, наоборот -приветствуется. Проведение таких форумов – это уникальный и черезвычайно выжный инструмент для укрепления единства вероисповеданий, духовных и нравственных идеалов, а так же принятие согласованных, конструктивных мер для дальнейшего успешного сотрудничества религиозных центров во имя мира на земле.

3. Указом Президента страны Н.А. Назарбаева Агентство по делам религий преобразовано в Комитет по делам религий Министерства культуры и спорта Республики Казахстан. Это связано, как отмечено в Указе Президента нашего государства, для дальнейшего совершенствования и улучшения деятельности государственных органов. Председателем Комитета по делам религий утвержден Шойкин Галым Нурмагамбетович, ранее работавший заместителем Председателя Агентства.

Спасибо.

****

Сұрақ:

Dosay Kenjetay 

20 сентябрь в 12:02

Әбеке,армысыз! Әбеке, сіз – дін және мемлекет қатынасы тарихындағы "көпір" куә адамсыз. Кеше кеңестік кезеңде де осы тақырып төңірегінде қызмет еттіңіз. Сонан соң тәуелсіздік алған тұста да, комитет құрылғанға дейін осы салада болдыңыз. Енді сізден сұранарым, дін мен мемлекет қатынасы туралы, өзіңіздің пікіріңізше, шешілмей жатқан немесе шешілуі тиіс басты мәселелер мен принциптер туралы айтсаңыз. Ағыңыздан жарылып дегендей. Саяси жауап күтпеймін. Керегі жоқ. Абайша қарап өзіңізге...

20 сентябрь в 11:43

Оның басты себептері, режим бе, құқық па, саясат па, жоқ фобия ма, жоқ әлде қоғамдық демографиялық мәселе ме?

20 сентябрь в 11:46 

Лаицизм туралы... Кешегі кеңестік секуляризмнен айырмашылығы бар ма? Зайырлылық ұстанымы туралы қандай ұсыныстарыңыз бен сындарыңыз бар. Қазақстанда бұл ұстанымды қалай комментарий жасаймыз, ол үшін негізгі өлшемді қалай анықтаймыз?

20 сентябрь в 12:00 

Дін туралы заңның бүгінгі қоғам талаптарына жауап беретін, сонан соң жауап бере алмайтын қырларын сараптап айтсаңыз?

20 сентябрь в 11:49 ·

Жалпы діни саясат туралы бүгінгі билікке өзіңізді іштей мазалап жүрген сұрақтарыңызды жеткізе аласыз ба?

20 сентябрь в 11:57

Дін құбылысына қатысты мәселерді орталықтандырудағы мемлекеттің олқылығын қалай түсіндіресіз, ашық айтсаңыз пайдалы болады деп ойлаймын. Енді сізге ешкім сын айтпайды?

Жауап:

Құрметті, Кенжетай мырзаға.

Досай бауырым, сұрақтарыңызға рахмет. Менің пікірімше, Сіз бүгінгі Қазақстандағы исламды дұрыс та терең білетін, мұсылман қауымы, дінтанушылар жоғары дәрежеде сыйлайтын белгілі ғалымсыз. Елімізде, тіпті Астананың өзінде, Сіз сияқты теолог – ғалымдар саусақпен санарлық. Мені бір мазалайтын жағдай, ол – неге Сіз жастардың алдында, ақпарат құралдарында, телеарналарда көрінбейсіз? Сіздің дін тақырыбында дауысыңызды халық естімейді ғой, неге? Жүрекке жететін толғамды ойларың қажет-ақ...

Ал енді сұрақтарға көшейік, 1, 2, 5, 6-шы сұрақтарды  біріктіріп айтайын.

«Дін мен мемлекет қатынасы» туралы айтсам, бүгінде мемлекет тарапынан біртіндеп барлық діни бірлестіктердің ашық қызмет жасауына керекті жағдайлар жасалған. Бізде діни бірлестік ашамын, ғибадат үйлерін саламын десе, миссионерлер шақыруға, діни білім беру орындарына, діни әдебиеттерді шеттен тонналап әкелем десе де – рұқсат берілген. Демалыс берілген діни мерекелеріміз де бар. Бұрындары қалай еді демейін. Сондықтан, біз осы барымызға тәубе деуіміз керек, Президентімізге рахмет дей отырып, жұрт арасында діни–насихат жұмыстарын пәрменді жүргізсек дұрыс болар еді. Тіпті, елімізде 2500-дей мешіттер салынды. Тәуелсіздіктің алдыңғы жылдарында елімізде бар-жоғы 60-тай ғана мешіт бар еді ғой. Қазір Сіздің жерлестеріңіз тіпті, бір ауылда бір мешіт жететін болса да, руға бөлініп, 2–3 мешітті қатарластырып салып алды.

Сіз айтқандай, біздің зәулім мешіттеріміздің жұмысы қалай, бүгінгі 4 мыңға жуық имам – молдаларымыздың көбінің білімі, уағыздарының, тіпті сөз саптау, жамағат алдындағы сөйлеу қабілеті өте төмен ғой.   Ал, шіркеулердегі, кастелдердегі, көптеген протестанттардың поптарының сөйлеу қабілеті, білімдері өте жоғары. Осы мәселеге мемлекет тарапынан келсек, Президентіміз, Үкіметте тиісті сұрақтарды шешіп те жатыр, үлкен мүмкіндіктер де беріліп жатыр, әкімдіктер, жергілікті атқару органдары да дін мәселесіне кірісіп, шешуге тырысады, олардың дін мәселесіне көзқарастары дұрыс.

Сондықтан, менің пікірімше, біздің жаңа Дін Комитетіндегі жігіттер мен келіншек – қыздарымыз өз жұмыстарында табандылықпен, ашық, діни бірлестіктердің басшыларымен қоян–қолтық жұмыс істеуі керек. Ол үшін жағдай да, мүмкіндік те толық бар. Сондықтан, дін саласындағы сұрақтарды, менің толық пікірім, асықпай – саспай, біртіндеп шешуіміз керек. Оны мен біздің Президентімізден үйренемін. Біздің діни ахуалда ойланатын да, орнына келтіретін де  сұрақтар жеткілікті ғой.

3-сұраққа жауап

Лаицизм туралы қысқаша айтайын. Лаицизм – бұл қоғамның әртүрлі салаларына діннің әсер етуіне кедергі келтіретін, белгі бір секулярлық қозғалыстар. «Лаицизм» сөзі грек тілінде - халықтық, ал латын тілінде – дінге жатпайтын, француз тілінде - дінсіздік деген мағына береді. Бүгінгі таңда әлем елдері мемлекеттеріндегі зайырлылықтың екі үлгісін көріп отырмыз ғой. Біріншісі, бұл «лаицизм», яғни «қатаң» үлгідегі зайырлы мемлекеттер. Мысалы Францияда мемлекет дін салаларына өз ықпалын тигізуге, кедергі келтіруге тырысады. Екіншісі - дінге төзімділікпен қарауға және кез келген адамды «Ол қандай болса, сол күйінде» мойындауға негізделген «жұмсақ » үлгісі.

Бүгінде зайырлылық дінді өмірден аластату ретінде түсінілмеуі керек. Бізде діни саясат дұрыс бағытта, ал діни мәселелерді шешудегі, оны орындайтын органдардың жұмысына біздің бүгінгі талаптарымыз жеткілікті.

Біз қазіргі таңда мемлекет пен діннің  өзара ықпалдасуына жол ашатын зайырлылықтың «жұмсақ» деп аталатын үлгісін басшылыққа алып жүрміз. Дегенмен, Сіздің  есіңізде болар, Елбасымыз 2011 жылы наурыз айында Түркістан қаласында зиялы қауым өкілдерімен бас қосқан жиында: «Дініміз – мұсылман, біздің өз жолымыз бар, өз жолымызға түсу үшін біз Қожа Ахмет Яссауидің іліміне табан тіреуіміз керек» - деді. 

4-сұраққа жауап

Діни заң туралы айтарым – Құдайға шүкір, 2011 жылы бірден екі діни заң қабылдадық. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» және «Діни қызмет туралы басқа 7 заңдар мен 2 Кодекске толықтырулар енгізу туралы».

Егемендік алған жылдардың бірінші айында, 1992 жылдың қаңтар айында, қабылданған діни заңымызға екі рет жақсы-жақсы өзгерістер енгізіп, Парламентте бекітіп, Президенттің қол қоюына жіберілгенде, Конституциялық Кеңес келісімін бермей, ол өзгерістеріміз бен толықтыруларымыз өтпей қалған болатын.

Енді міне, қоғамның қызу талқысынан өтіп, жаңа діни заң қабылданды.  Менің пікірім,бұл заң – қазіргі заман мен бүгінгі уақыт талабына сай келетін заң.

Олай дейтінім, 1-шіден, заңның аталуы өзгерді – «Діни қызмет және діни бірлестіктер».

2-шіден, Заңда көптеген дін мәселесіндегі сұрақтарды шешетін пәрменді, тиісті көптеген тетіктер қарастырылған. Мысалы, діни бірлестіктерді құру, мемлекеттік тіркеу, олардың мәртебесі, миссионерлердің жұмысы, діни әдебиеттерді сату, т.б. бұрынғы заңда айтылмаған сұрақтар жаңартылып, жүйеге келтірілген. Маған ұнайтын заңдағы баптардың бірі, ол – үшінші бап, «Мемлекет және дін» – 16 тармақтан тұратын.  Ия болмаса, діни бірлестіктердің атауы туралы бап, миссионерлерді тіркеу, діни әдебиеттерді көшелерде, тұрғын үйлерде таратпау туралы баптар өте орынды болды.

Ал енді, заңның талаптарының орындалуына бәріміз жұмыла жұмыс істеуіміз керек деп  ойлаймын.

Сұрақтарыңызға көп рахмет.

*****

Вопрос:

Ildar Sharifkul 

22 сентябрь в 22:05 

Очень сложно заниматься религиоведческими исследованиями так, как уставы религиозных объединений являются государственной тайной. Во многих странах мира доподлинно известно, какими ресурсами и тонкостями в идеологических воззрениях обладают религиозные объединения и их лидеры, что дает возможность нашим религиоведам вести хоть какой-то предметный разговор по теме в рамках образовательного и исследовательского процесса. Для того, чтобы эксперты и население имели представление о религиозной жизни в РК необходима либерализация законодательства о государственной тайне и планомерная работа по выводу в публичную сферу широкого спектра религиозных объединений и их лидеров. Данные меры очевидно помогут выработать культуру взаимодействия с религиозными объединениями у той части общества, которая нестабильна по составу, но всегда нацелена на духовный поиск. Естественно, экспертное сообщество должно думать об этом не один день. В этой связи интересно ваше видение проблемы открытости гос. органов и религиозных объединений, а также то каким бы вы хотели видеть гражданское общество нашей страны. Здорово было бы узнать не только ваше мнение, как чиновника, но и личное мнение.

 

Ответ:

Уважаемый Илдар, спасибо за открытый и интересный вопрос.

Во-первых, если Вы занимаетесь религиоведческими исследованиями, то Вам открыты двери Комитета по делам религий Министерства культуры и спорта, нашего Международного центра культур и религий, а также другие исследовательские/научные центры. Пожалуйста, приходите и Вы получите все ответы на вопросы по Вашей религиозной тематике. Мы приветствуем и ждем тех, кто интересуется религиозными вопросами.

Во-вторых, я твердо заявляю Вам, что государственные и местные органы власти, и религиозные объединения в основном работают открыто, секретов не имеют. Можете смело позвонить руководителям религиозных объединений и попроситься к ним на встречу по интересующимся Вас вопросам.

Спасибо.

*****

Вопрос:

Тимур Кибиров 

24 сентября  в 0:00

Почему в РК одновременно провозглашается свобода вероисповедания и идёт пропаганда против так называемых "сект"?

 

Ответ:

Уважаемый Тимур, спасибо за вопрос.

Скажу прямо, утверждать что в Республике Казахстан одновременно провозглашается свобода вероисповедания и идет пропаганда против «СЕКТ» – совершенно не правильно. О какой «пропоганде против сект» Вы говорите? Где, когда? В сфере религии у нас работа проводится открыто, в рамках Конституции и Закона «О религиозной деятельности и религиозных объединениях». Если у вас есть примеры нарушения Закона в адрес Вашей организации – говорите конкретно, назовите адреса и мы примем соответствующие меры и поможем вам.

Спасибо.

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігі

Дін істері комитеті

 

ҚР МСМ ДІК құрылымдық бөлім басшыларымен

әр апта сайынғы өтетін жиналысының

2014 жылғы 22 қыркүйектегі №6 Хаттамасының 33 тармағына

.
Яндекс.Метрика