Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Әзілханов Марат Алмасұлы

Үкіметтің қаулысымен Әзілханов Марат Алмасұлы ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Әзілханов Марат Алмасұлы 1965 жылы дүниеге келген.

1988 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетін, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

1988-1992 жылдар аралығында Қызылорда қаласының Медициналық мекемелерінде дәрігер-хирург болып еңбек етті;

1992-2011 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етті;

2011-2013 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары;

2013-2014 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы;

2014-2016 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі;

2016-2018 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы;

2018-2019 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы.

«Құрмет» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» мерекелік және т.б. медальдармен марапатталған.

.
Яндекс.Метрика