Мәдениеттер мен діндердің үнқатысуы – қоғам бірлігінің негізі

2009 жылдың 20 мамырында Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының бастамасымен Бейбітшілік пен келісім сарайында ақын, жазушы, әдебиеттанушы, дипломат 2002 жылдан бастап Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі Олжас Омарұлы Сүлейменовпен кездесу өтті.

Осы қызықты әрі маңызды кездесудің қатысушыларын біріктірген негізгі нәрсе іс шараның атауы еді, ол «Мәдениеттер мен діндердің үнқатысуы – қоғам бірлігінің негізі» деп аталды.

Кеш барысында құрметті қонақ пен қатысушылар Қазақстанның көпұлтты, көпконфессиялы қоғамындағы бірлікті қалыптастыру мен нығайтуға тікелей әсер ететін факторларға қатысты өз пікірлері мен тұжырымдамаларын асқан қызығушылықпен ортаға салып талқыласты.

Сөйлеушілердің пікірінше, кездесудің түйінді тақырыбы, адамзат қауымдастығын біріктіру мен ұйыстырудың ажырамас құралы болып табылатын мәдениеттер мен діндердің үнқатысуы болды.

Сонымен қатар, конфессияаралық және этникааралық қатынастарды үйлестірудің берік негізі саналатын, кез келген қоғамның басты негізі болып табылатын – толеранттылық, әлеуметтік тұрақтылық мәселелеріне де назар аударылды.

Олжас Омарұлы Сулейменов әлемдік қауымдастықта үлкен қызығушылық пен қолдау тапқан Қазақстан Республикасының және оның Көшбасшысы – Президент Н.Ә. Назарбаевтың бастамаларына ерекше тоқталды. Әлем тарапынан талап етілетін бастамалар қатарынан құрметті қонақ мәдениеттер мен діндердің үнқатысуы – халықтардың келісімі мен бірлігінің берік негізі ретінде тоқталды. Кездесу барысында құрметті қонақ мемлекет және оның тәуелсіз дамуы мен гүлденуі туралы, Қазақстан халқы туралы, біздің республикамыздың әлемдік қауымдастықтағы орны туралы мазмұны жағынан терең, пішіні жағынан жарқын ойларымен бөлісті.

 

Кездесуге қатысушылар Олжас Омарұлының: «Қазақстан баршамыздың ортақ үйіміз және осы үйдің жекелеген бөлмелерін қирата отырып, қалған ғимаратқа зиян келтірмейміз деп ойлауға болмайды. Сонымен қатар, қоғамдағы қатынас – бұл әр бағыттағы күрделі қозғалыс, сол себепті ол реттеуді қажет етеді. Барлық жерде бірдей бағдаршамның жасыл шамын жағып қоюға болмайды – ол қауіпті жағдайды туындатады. Әдебиеттанушы ретінде айтарым, цензураны алып тастау, өкінішке орай, соңғы уақытта тиым салу алынып тасталған орыс не өзге елдерде ұлы шығармаларды туындатпады. Әркімнің өзінде ішкі бақылау болуы керек. Сол кезде ғана саналы әр адам қоғамдағы тыныштық пен өзара түсіністікке қолдау бола алады» деген пікірін бірауыздан қолдады.

.
Яндекс.Метрика