Жастар діни бірлестіктер лидерлері және «Нұр Отан» ХДП жастар қанаты өкілдерімен болған кездесу

Дінаралық татулық пен ұлтаралық келісім – Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің басты шарты. Барша діндер мен этностардың өзара бейбіт әрекеттесуінсіз мемлекетіміздің жемісті дамуы мүмкін емес.

Ғасырлар бойы Қазақстанда көптеген конфессиялар мен этникалық топтар бейбіт өмір сүріп келеді.

Соңғы жылдары күш алған рухани жаңару үдерістері қоғам дамуындағы позитивті факторға айналды. Алайда қоғам діниленуінің үдемелі артуы кей жағдайда қисық кетушілік пен қарамақайшылыққа, жекелеген жағдайларда қақтығыстарға соқтыруда. Жастар жағы күдікті бірлестіктердің, деструктивті культтардың назарына жиірек ілігуде. Діни ұрандарды ту еткен экстремизмнің таралуы да күрделі мәселеге айналды.

Сондықтан да қоғамда дінаралық келісім мен толеранттылықты, діни экстремизм идеяларына деген қарсылықты қалыптастыру мемлекеттің басты міндетінің бірі болуы керек. Ал оны жүзеге асыру үшін билік органдарының әлеуметтік гуманитариялық білім өкілдерімен үнемі байланысты болғаны жөн.

Қоғамда болып жатқан үдерістерге аса сезімтал келетін жастарды рухани-адамгершіліктік тұрғыда ағарту мен тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлу керек. Жоғарғы оқу орындары және орта мектептер өскелең ұрпаққа діннің тарихи рөлін танытып, дәстүрлі конфессиялар ілімдерінен тамыр тартқан адамгершіліктік құндылықтар қақында білім нәрімен сусындатуы керек. Бұл істе білім беру жүйесінің, меморгандар мен руханият өкілдерінің өзара тығыз әріптестігі қажет. Мемлекеттің, қоғам мен діни бірлестіктердің дәстүрлі таптаурын моралдық-адамгершіліктік негізде, патриотизм рухында мәдени құндылықтарды қайта жаңғырту мен жас толқынды тәрбиелеу жолындағы өзара әрекеттестігі бүгінгі таңда маңызды іс бағыты болып табылады.

Аталған мәселені бірігіп шешуге Орталық қызметкерлері де ат салысуда. 2011 жылғы 17 мамырда жастар мен дін арақатынасы түйткілдеріне арналған конференция өтпекші. Конференция жұмысына мемлекеттік органдар өкілдерімен қатар, жастар діни бірлестіктері өкілдері де қатысады деп күтілуде.

Аталмыш іс-шараның өткізілуіне байланысты, 2011 жылғы 26 сәуірде Орталық директоры Айдар Парқұлұлы Әбуовтың жастар діни ұйымдары лидерлерімен кездесуі болып өтті. Кездесуге «Нұр Отан» партиясы жастар қанаты өкілі Жұмабек Жандос қатысты.

Жиында жастар мен дін мәселелерінің маңыздылығы, рухани-адамгершіліктік түйткілдер талқыға түсті. Өскелең ұрпақты экстремизм мен ксенофобияның ірітуші идеяларынан қалай қауіпсіздендіруге болатыны талқыланды.

 

Кездесу жылы шырайлы достық тұрғысында өтті. Әртүрлі діндер өкілдері өзара сұхбатқа түсіп, мәселелердің күрделілігі мен шешу жолдары қарастырылды.

.
Яндекс.Метрика