Қоғамның рухани-өнегелік қайта жаңаруындағы әйелдің рөлі

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы өзінің пайда болу сәтінен бастап әйелдердің жыл сайынғы кездесуін өткізудің бастаушысы мен тұрақты ұйымдастырушысы болып келеді. Мұндай шараны өткізу адамзаттың тамаша сыңарының әрқашан өнегелік символы, отбасы, ру, қоғам, мемлекет, жер шарының руханилығының қайнары екендігін түсіну мен сезінуден туындаған.

Сол себепті, Орталық үшін дәстүрге айналған осы кездесулердің негізгі мақсаты қоғамның рухани-өнегелік жаңаруындағы әйел рөлін нығайту, түрлі мәдениеттер мен конфессия өкілдерінің үнқатысуына ықпал ету, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезінің қызметіне тарту және т.б. мәселелер болып табылады.

Осы орайда, Орталықтың 2009 жылы алғаш рет «Қоғамның рухани дамуындағы әйелдің рөлі» атты әйелдердің – дәтүрлі дін және мәдени орталық өкілдерінің, кездесуін өткізгендігін атап өткен жөн.

Осы кездесуде құттықтау сөз сөйлеген Орталық директоры А.П. Әбуов: «... мұндай кездесу бірінші рет біздің Орталықтың бастамасымен өткізіліп отыр. Қазақстан түрлі діндер мен мәдениеттердің қиылысқан торабында орналасқан. Және осы түрлі мәдениеттер мен діндердің өкілі-әйелдердің өзара қолдауы біздің үлкен үйіміз саналатын Қазақстанда бейбіт өмір сүруге мүмкіндік береді» деп атап өтті.

Осы дәстүр мен өз қызметіндегі сабақтастықты сақтай отырып, Орталық 2010 жылдың 2 маусымында Бейбітшілік пен келісім сарайында «Мәдениетаралық, конфессияаралық үнқатысуды кеңейтудегі әйелдің рөлі» атты екінші кездесу өткізді.

Кездесудің маңыздылығы қатысушы-әйелдер – астана қаласының зайырлы және діни бірлестіктерінің өкілдерінің ана, жар, қызметкер әйелдің бүгінгі күнгі өмірі мен тағдырына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп талдауы, жетім, ата-аналары тастап кеткен балаларды әлеуметтік қолдау мәселелерін терең қозғап, мүгедек балаларға қамқорлық туралы сөйлегендерінде еді.

2011 жылдың 11 наурызында Орталық «Қоғамның рухани-өнегелік қайта жаңаруындағы әйелдің рөлі» атты кездесуді ұйымдастырып өткізді, мұнда елдің әлеуметтік-мәдени және діни өміріндегі діндар әйелдің рөлін көтеру, сонымен қатар, діндар әйелдердің қоғамдағы мәртебесін сақтау мәселелері талқыланды.

2012 жылдың 15 наурызында Орталық «Қазақстан әйелдері: мақсаттары мен ұмтылыстары» тақырыбында қазақстандық әйелдердің кезекті кездесуін ұйымдастырды.

Іс шараның мақсаты – жаңа ІІІ мыңжылдықтың жаңа онжылдығындағы әйелдің жаңа рөлі мен миссиясын, оның құндылықтары мен қоғамның дамуы мен гүлденуіне, ондағы конфессияаралық келісім мен бейбітшілікті нығайтуға бағытталған ұмтылыстарын ұғыну.

 

Ісшараға қатысушылар діни бірлестіктің, мемлекеттік ұйымдардың, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, ҮЕҰ, және БАҚ өкілдері болды.

.
Яндекс.Метрика