Қазақстандағы жаңа діни ағымдар

Жаңа діни ағымдарға (дәстүрлі емес діндер) нақты бір этникалық топтармен байланысы жоқ, салыстырмалы түрде жақында пайда болған (ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында) ағымдар жатады. Олардың ілімдерінің мемлекеттік немесе арнайы этностардың мәдениетімен, тарихымен ешқандай байланысы жоқ.

Бұл ағымдар көбінесе жана діни ағымдар деп аталады.

Республика аумағында сондай-ақ, дәстүрлі емес бағыттағы мынадай діни бірлестіктер жұмыс жасайды: «Бахаи» қауымдастығы, Соңғы күн әулиелерінің Иса Мәсіх шіркеуі (мормондар), Кришна санасы қоғамы (КСҚ) және Мун бірлестік шіркеуі (муниттер).

 

Кришна санасы қоғамы

 

Халықаралық Кришна санасы қоғамы Харе Кришна Қозғалысы немесе Қришна санасы қозғалысы атымен де таныс неоиндуистік діни ағым кришнаизмге негізделген. XV ғасырда құрылған Чайтаньи-бхакти діни доктринасы бойынша, Вишну құдайына айналған «малшылардың көк құдайы Кришна» үстемдікке ие деп есептеледі.

Ұйым мүшелерінде төрт негізгі қағидат бар, атап айтар болсақ: олар еттен, ішімдіктен, темекі шегуден және нашақорлықтан бас тарту, құмар ойындардан, ақша қулығынан, жыныстық қатынастан (жұбайымен тек ұрпақ өрбіту мақсатында жақындасуға болады) бас тартады.

Индуизмде Құдай (Абсолют) тұлғалы емес және оны танып білу мүмкін емес. Кришнаиттер Абсолютті Кришна бейнесінде тұлғалық келбетін құрған. Қазіргі уақытта Қазақстанда 8 діни бірлестік қызмет етеді. Діни ғимараттар саны – 4. Этникалық құрамы – славянтілді халық. Қазақстан бойынша 450 жуық ізбасарлары бар. Кришнаиттердің белсенділігін олардың жиі ұйымдастыратын шараларынан көруге болады.

Кришнаиттер гаудия-вайшнавизмді ән салу арқылы таратады. Қоғамдық жерде Харе Кришна мантрасын орындау және санскрит тілінен аударылған, Бхактиведант Свам Прабхуладтың түсіндірмелерімен жазылған кітаптарын сатумен айналысады.

Халықаралық Кришна қоғамының басқару ұйымының атауы Джи-би-си деп қысқартылған – Халықаралық Кришна санасы қоғамының басқарушы органының атауы.

 

Бахаи қауымы

Қазақстандағы Бахаи қауымының пайда болу тарихы 1938-1939 және 1950 жылдары Орта Азия және Кавказ елдерінен Петропавловск, Ертіс, Павлодар, Алматы облысының Шілік ауылына отбасыларымен бірге қоныс аударған табынушылардың есімдерімен байланысты.

Оңалту жұмыстарынан кейін кейбір отбасылар діни әрекет ету бойынша қатаң шектеуге қарамастан, Қазақ ССР жерінде қала берді.

1990 жылдың қазанында Алматы қаласында Бахаи қауымының жергілікті діни жиыны құрылды.

1991 жылдың мамырында Кеңес Одағының Ұлттық Діни Жиынның сайлауына Алматы қаласындағы қауымы қатысты. Қазақстан қалаларындағы Бахаулла идеясының таралуы негізінде 1992 жылы жергілікті діни жиында18 қауымы болды.

1994 жылы Қазақстанның Бахаи Ұлттық Діни жиынына сайлау өтті, аталмыш ұйым осы жылы тіркеліп, 1997 жылы қайта тіркеуден өтті.

Қазіргі таңда Қазақстанда 6 «Бахаи» жергілікті діни бірлестігі жұмыс жасайды.

 

.
Яндекс.Метрика